Түркістан облысында биылғы жылу маусымы басталғалы газдан уланып 1 адам қайтыс болған. Ал тіркелген өрт оқиғасының саны 50-ге жетіп отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Негізгі себеп газды үнемдеу мақсатында мұржаны жартылай бекіткеннен, газ қазандықтарының дұрыс орнатылмауынан болған. Осы орайда өрт бақылау басқармасының мамандары жатақханалар мен хостелдерде жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, «Жатақхана» арнайы шарасын жүргізген.