Тоғыз жолдың торабында орналасқан Қазақстан халықаралық маңызы бар маршруттар тоғысатын геосаяси жер. Азия мен Еуропаның Қазақстан арқылы өтетін тауар көлемі жыл сайын өсуде. Бір ғана Қазақстан мен Қытай арасында бір жыл ішінде 23 млн тонна тауар теміржол арқылы өткен. Бұл көрсеткіш келер жылы 22 пайызға өсті. Десе де теміржол саласы сын көтермей тұр. Сол себепті келер жылы вагон парктерін жаңарып, кемі 1000 км теміржол тармақтары салынады. Олар Достық-Мойынты, Бақты-Аягөз, Дарбаза-Мақтарал. Бұл туралы бүгінгі үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайлов айтты. Ол үшін шетелдік кәсіпкерлер тартылмақ. Сондай-ақ Үкімет басшысы халықтың теміржол саласына шағымы көп екеніне де тоқталды.