Соңғы 8 айда Түркістан облысында есірткімен байланысты 401 дерек тіркелген. Ал тәркіленген заңсыз тауар 1 тонна 151 келіні құрап отыр. Ал, ғаламтор бетінде зиянды өнімді таратуы мүмкін деп танылған 48 ақпараттық сайт бұғатталды. Мамандар зиянды заттың арбауына көбіне жастар түседі деп отыр. Тамырын жаяр тәуелділікпен күресу үшін Түркістан қаласындағы жатақханаларда Түркістан облысы Полиция департаменті басшысының нұсқауына сәйкес рейдтік шара жүргізілді.