Жетісай қаласының құрылғанына биыл 54 жыл. Мерейлі мерекені жетісайлықтар кең ауқымда атап өтті. Қала күніне орай түрлі спорттық-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, аймақтың дамуына үлес қосқан азаматтар мараппатталды. Сондай-ақ қаланың өткені мен бүгінін бейнелейтін көрмелер көпшілік назарына ұсынылды.