Татарстанда ұшақ құлап, 16 адам қаза тапты. Бүгін республикада марқұмдарды аза тұту күні деп жарияланды. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеңілмоторлы "Л-410" ұшағы Мензелинск қаласы аэродромынан көкке көтерілгеннен кейін құлаған. Ұшақ бортында 20 парашютші мен 2 экипаж мүшесі болды. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апаттан 6 адам аман қалған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Ресейдің Тергеу комитеті әуе апатына қатысты қылмыстық іс қозғады.