Қазақстан футболы үшін тарихи күн. Ұлттық құрама алғаш рет футболдан Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шыға алады. Ол үшін «Еуро 2024» турниріне іріктеу ойындарының соңғы турында Магомед Адиев шәкірттері сырт алаңда Словениялық команданы жеңуі керек. Ойын Любляна қаласында өтпек. Қос ұжым турнирлік кестеде 18 және 19 ұпайымен 2-3 ші орындарға жайғасқан. Словения кестеде 1 ұпай артық жинаған. Мамандар кездесу тартысты өтеді деп топшылауда. Ойын елорда уақытымен 01:45-те басталады. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев кездесуде Еуропа чемпионатына жолдама алып, қазақ халқын қуанту үшін бар күш-жігерімізді саламыз деді.