Түркістан
EN

Сұйытылған газ тапшылығы мәселесі қатаң бақылауда

104
20.11.2023

Түркістан облысында сұйытылған газ тапшылығы байқалуда. Себебі, аймаққа күнделікті 432 тоннаның орнына 216 тонна сұйытылған мұнай газы тасымалданып жатыр. Тиісінше газ құю бекеттерінде сұйық отын жетіспей, сауда шектеліп, кейбір талонға көшкен. Мәселені шешу мақсатында облыспен іргелес жатқан басқа аймақтарға сұйытылған мұнай газының шықпауы үшін кеден бекеттері қойылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Жиынға қатысқан аудан, қала әкімдіктері мен газ желісі ұйымдарының басшыларына жағдайды тұрақтандыру туралы тапсырма берілді.