Түркістан
EN

Оңтүстік Корея елімен бірлескен жобалар жүзеге аспақ

84
20.11.2023

Түркістан облысында Оңтүстік Корея елімен бірлескен жобалар жүзеге аспақ. Атап айтқанда, ІТ саласы бойынша техникалық жоғары оқу орнын ашу, сондай-ақ мақта тігін кластерін дамытуға бағытталған жаңа жобалар қолға алынады. Осыған байланысты өңір басшысы Дархан Сатыбалды 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен кездесті. Кездесу барысында өңірде жүзеге асыруға болатын бірнеше бірегей жобалар талқыланды. Сонымен қатар шетелдік ғалым өңірде «жасыл» энергетика саласына қатысты жобалар ұсынды.