Түркістан
EN

Трактор шығаратын зауыт жұмысымен танысты

199
17.11.2023

Ордабасы ауданындағы сапар барысында облыс әкімі Ақбұлақ ауылындағы ауылшаруашылық техникасын шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Жобалық құны  – 7,2 млрд. теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 2000 дана техника шығаруға қауқарлы. Онда 50 адам тұрақты жұмыс істейді. 2015 жылы салынған зауыт «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды. Компанияның серіктестері – ауылшаруашылық техникасының әлемдегі жетекші өндірушілері. Бүгінде Ордабасы индустриалды аймағында құрастырылатын тракторларға сұраныс жоғары. Кәсіпорын басшысының айтуынша, зауыт трактордың 5 түрін жинап шығаруда. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды кәсіпорынның жұмысын оң бағалап, индустриалды аймақтарда осындай жобаларды көбейтуді тапсырды. Инвестициялық штабта жобаларды талқылап, қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.