Түркістан
EN

Алюминий профильдерін өндіретін зауыт ашылады

185
17.11.2023

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іссапармен барды. Сапар барысында өңір басшысы алюминий профиль бұйымдарын шығаратын «GOLD ALUMINIUM» ЖШС-інде болып, жұмыс барысын бақылады. Зауыттың құрылысымен танысқан өңір басшысы кәсіпкерлермен пікірлесіп, мемлекеттен тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 10 мың тонна. «Бадам» индустриалды аймағында орналасқан жобаның инвестициялық құны 3 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпорын жыл соңына дейін 100 жаңа жұмыс орнымен іске қосылады. Зауытта боялған және боялмаған алюминий профильдері шығарылады.