Ел болып асыға күткен 20 миллионыншы сәбидің бірі – Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асықата аудандық ауруханасында дүниеге келген Әлімхан Асқар. Салмағы 3 келі 400 грамм, бойы 51 см боп туған ол ата-анасы Ерғали Шакенов пен Гүлмира Ізтілеуованың 4-ші перзенті, әулеттегі 21-інші немере.