Түркістан
EN

Қарағандылық әйел роумп-джампинг салдарынан көз жұмды

123
12.10.2021

Қарағандылық 33 жастағы әйел аттракционнан секіремін деп көз жұмды. Қайғылы оқиға қаладағы 9 қабатты қонақ үйдің шатырында болған. Марқұм 30 метр биіктен беліне арқан байлап секірген. Өкінішке орай резеңке арқан босап кетіп, сүйіктісі және достарының көз алдында құлаған. Бейнежазбада жұмысшылардың бірі арқанды бекітіп үлгермегені көрінеді. Басынан және бірнеше жерден жарақаттанған келіншек шұғыл ота жасалғанымен дәрігерлер оның жанын аман алып қала алмады. Марқұмның артында 2 баласы жетім қалды. Полицейлер аттракционды ұйымдастырушының осы қызмет түріне лицензиясы бар-жоғын, қауіпсіздік ережелері сақталғанын анықтау үшін қылмыстық іс қозғады.