Түркістан
EN

5 бала Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанды

135
16.11.2023

Елімізде Ресми түрде халық саны 20 миллионға жетті. Ақжолтай жаңалықты Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында бөлісіп, Қазақстандықтарды құттықтады. Республикамыздың  мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген. Олардың үшеуі – ұл, екеуі – қыз. Жалпы демографиялық дүмпуден елімізде Шымкент қаласы көш бастайды. Екінші орында Түркістан облысы, үшінші орында Маңғыстау облысы тұр. Қазіргі халық саны бойынша Түркістан облысы 2,1 млн адаммен республикада бірінші орында. Одан кейінгі орындарға 1,5 млн халықпан Алматы облысы, 1,2 млн адаммен Жамбыл облысы орналасқан. Тәуелсіздік алған жылы қазақстандықтардың саны 16,4 млн болған. Бүгінгі 20 миллионыншы болып туған 5 сәбиге "Отбасы банкі" 2 млн теңгелік сертификат сыйлады.