Елімізде жылына орта есеппен 300 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Бұл үрдіс сонау пандемия кезеңінде басталып, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Яғни, бала туу көрсеткіші сол кезден бастап күрт өскен. Осылайша 2027 жылы Қазақстан халқы 21 млн адамға жетуі мүмкін. Мұндай болжамды Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев бөлісті.