«Оңтүстік фильм» мекемесі «Ұлттық кино» жобасы аясында Түркістан облысының аудан, қалаларында кинокөрсетілім өткізді. Атап айтқанда, Мақтаарал, Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас, Сайрам мен Жетісай ауданында, Арыс және Кентау қалаларын аралап, отандық көркем және анимациялық фильмдерді насихаттады. Кентау қаласындағы іс-шара барысында «Оңтүстік фильм» мекемесінің директоры Райхан Нарикова сөз сөйлеп, аталған жобаның мақсатына тоқталды.