Заманында кәрі құрлықты түгелдей уысында ұстаған батыр халық ғұндардың ұрпақтары араға бірнеше ғасырлар салып қайта қауышуда. Сөзімізге дәлел Мажарстандық ғалым Золтан Бузади Түркістанға арнайы келді. Ондағы басты мақсаты көшпелілердің тарихын, ұлттық спортын, әдет ғұрпын зерттеу. Тарихи зерттеу нәтижесінде екі ел арасындағы туыстық көпірді нығайтқым келеді дейді ғалым.