Күні бүгінге дейін жарты әлемді жаулап алған жалғыз қолбасшы Шыңғыс хан болса, оның бейнесі таңбаланған жалғыз тиын - тек Түркістанда ғана бар. Оны бүгін ұлттық валюта күніне орай көне шаһарда «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайы көпке мәлім етті. «Теңге – ғасырлар сабақтастығы» атты көрмеге келгендер осы 13 ғасырға тиесілі жер дүниедегі жалғыз жәдігерді өз көздерімен көрді. Тақырыпты Балым Әлішер тарқатып айтсын.