Түркістан облысында 400 мың литр жанар-жағармайды контрабандалық жолмен тасымақ болған қылмыстық топтың жолы кесілді. Оған қоса жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде контрабанда фактісі бойынша тағы 10 қылмыстық іс, есірткі тасымалдау дерегі бойынша 6 қылмыстық іс тіркелген. Бұл Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің - 10 айда атқарған жұмысының нәтижесі. Департамент осы уақыт аралығында барлығы 103 қылмыстық деректі анықтапты. Сондай-ақ ойын бизнесі саласында да біраз қылмыстың беті ашылған. Заңсыз ойын ұйымдастырған 14 қылмыс анықталып, оның 11-і сотқа жолданыпты. Облыс аумағындағы заңсыз 13 ойын залының жұмысы тоқтатылған.