Соңғы 10 айда Қазақстан экономикасы 4,9 пайызға өскен. Оның ішінде нақты сектор 3,8 пайыз болса, қызмет көрсету саласы 5,4 пайызға жоғарылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. Оның сөзінше, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 12,6 пайызға өсті. Инвестиция тарту бойынша ең жоғарғы нәтиже көрсеткен өңірлер арасында Түркістан облысы да бар. Сондай-ақ, Маңғыстау, Абай, Павлодар облыстары да бұл тізімге енді. Ал биыл қаңтар-қыркүйек аралығында сыртқы сауда бойынша Қазақстан 102 млрд теңгенің алыс берісін жасап, 57 млрд доллардың өнімін сатқан.