Бүгін - ұлттық валютамыз теңгеге 30 жыл. 1993 жылы 15 қарашада айналымға енген ұлттық валюта Лондон қаласында басып шығарылды. Себебі сол - енді ғана тәуелсіздік алған елде банкнот басып шығаратын фабрика болмады. Алғашқы ақшаны Ұлы Британиядан тасымалдау үшін 18 әуе сапары жасалып, 8 күнде еліміздегі барлық банктерге жеткізілді. Отандық валюта шығарылатын өндіріс орны 1995 жылы ашылды. Теңге- 2011,2012,2013 жылдары әлемдегі ең үздік қағаз ақша атанды. Сондай-ақ, теңге жалған ақшадан қорғалған әлемдегі ең қауіпсіз валюта саналады.