Қазақстанда 2025 жылдан бастап әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызмет пайда болады. Бүгін Мәжіліс жалпы отырыста тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң 2025 жылдан бастап күшіне енеді. Қызметке қабылдау ерікті түрде жүргізіледі. Іріктеу кезеңдерінен өткен азаматтармен Қорғаныс министрлігі 3 жылға келісім-шарт жасайды. Олар ай сайын арнайы бөлімдерде қысқа мерзімді оқудан өтеді. Резервшілерге денсаулық жағдайы бойынша талаптар қойылады және жас шектеулері белгіленеді: офицерлер үшін – 60 жасқа дейін, сержанттар мен сарбаздар үшін – 18-ден 50 жасқа дейін. Оларға қару-жарақ пен жауынгерлік техника бекітіледі. Және резервшілер өз облыс аумағында қызмет етеді.