Шығыс Қазақстанда мемлекетке 10 миллиард теңгеден астам зиян келтірген қылмыстық топ ұсталды. Тергеу барысында 6 адамнан тұратын алаяқтық құрам 2014-2018 жылдар аралығында жалақыны қолма-қол беретін 30 фирма құрып, облыс аумағында заңсыз қызмет атқарғаны анықталды. Қағаз жүзінде ғана болған компаниялардың штаты, мүлкі, өндірістік-техникалық базасы да болмаған. Бухгалтерлік есеп және салық есебі жүргізілмеген. Кәсіпорындарды басқа үш компания салықтан жалтару мақсатында тауарсыз шот-фактура, жүк құжат және шарттарды заңсыз жазып беру үшін пайдаланған. Сот үкімімен қылмыстық топ мүшелері бас бостандығынан айырылды.