Осыдан 10-15 жыл бұрын сұлулық салоны, шаштараз сынды орталықтар ашқан адам ақшаның астында қалатын. Бертін келе оған кәсіптенгендер көбейіп, бағасы да қолжетімді бола түсті. Бүгінде әйелдер арасында тіпті боянуға да ерінетіндер көбейді. Міне сондай ханымдар мен бикештер үшін перманентті макияж ұсынылады. Ол не? Қыз-келіншектер оған неге құмар? Бұл жайында әріптесіміз Балым Әлішер тарқатып айтады.