Түркістан
EN

Қазақстанда жарты миллионға жуық адам қант диабетіне шалдыққан

67
14.11.2023

Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандардың саны артып келеді. Биыл науқастардың саны 500 мыңға жуықтаған. Олардың саны жыл сайын 14 процентке өсіп отыр дейді мамандар. Соның ішінде 1-типтегі қант диабетімен кішкентай балалар ауырса, екінші типтегі қант диабеті ересек адамдарда көп кездеседі. Науқастар саны артқан сайын дәрігерлерге де сұраныс жоғары. Мәселені шешу үшін қант диабетін емдейтін мамандарды дайындауға ден қойылды. Биылдың өзінде мемлекеттік қаражатқа 55 эндокринологты оқытып жатыр. Дегенмен, оқу бітірген ақ халаттылардың көбі жекеменшік мекемелерде жұмыс істеуді таңдайды. Басты себеп жалақы айырмашылығы.