Түркістан
EN

Елордада бокстан VI жазғы спартакиада ойыны басталды

79
14.11.2023

Елордада бокстан VI жазғы спартакиада ойыны басталды. Дүбірлі додада еліміздің 19 өңірінен келген 177 боксшы 13 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыларды анықтайды. Бокстан ел ішіндегі ірі бәсеке соңғы рет осыдан 11 жыл алдын өткен болатын. Турнирдің басты мақсаты 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына ұлттық құрама намысын қорғайтын спортшыларды жасақтау. Байрақты бәсекеде Ташкентте өткен соңғы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ кәсіпқой бокста жұдырықтасып жүрген былғары қолғап шеберлері де қатысуда. Ел мықтыларын анықтайтын турнир 13-19 қараша күндері өтеді.