Түркістан
EN

Қазақстанда АЭС салуға толық негіз бар

73
13.11.2023

Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы елде атом электр стансасын салуға ғылыми-техникалық тұрғыда жетекшілік ете алады. Әрі қажетінше мамандармен қамтуға дайын. Бұл туралы орталықтың бас директоры Эрлан Батырбеков журналистермен болған кездесуде мәлімдеді. Қазақстан атом электр стансалары компаниясы ұйымдастырған баспасөз турымен Абай облысының Курчатов қаласына барған тілшілер тобы орталық жұмысымен танысып, оның тәжірибелік базаларында болды. Айта кетейік, биыл Президент жарлығымен ғылым мен техниканы дамытудағы үлесі үшін Ұлттық ядролық орталықтың бір топ ғалымы мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған болатын.