Түркістандықтар «әлсіз» интернеттен әбден ығыр болып отыр. Бірнеше мөлтек ауданда әлі күнге дейін ғаламтор желісі жоқ. Ал облыстық цифрландыру басқармасы шаһарда интернет жылдамдығы өте жоғары деп міз бақпайды.1 Айтуларынша, тек Отырар, Созақ, Төле би ауданында ғана оның сапасы төмен екен. Ендеше неге қала тұрғындары иек астындағы «5G» игілігін көре алмай отыр? Шынар Әділханқызы зерттеп көрді.