Биыл Түркістан облысында 870 мыңнан астам гектар алқапқа егін егілді. Ең көп егілгені - масақты дақылдар 273 мың гектарға орналастырылып, 500 мың тоннаға жуық өнім жиналған. Бұл өткен жылмен салыстарғанда едәуір жоғары. Тиісінше жоспар да артығымен орындалып, күзгі жиын-терім науқаны табысты өтті. Енді алдағы уақытта бұл саладағы ізденісті тоқтатпай, су үнемдеу технологияларын барынша қолдану керек,-дейді облыс әкімі.