Елімізде қызылша дертіне шалдыққандар саны 13 мыңнан асты. Сырқаттанғандардың дені, яғни 84 пайызы - қызылшаға қарсы екпе алмағандар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен дөңгелек үстелде еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова мәлімдеді.