Түркістан
EN

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа інісінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

75
13.11.2023

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Әрі Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне қатыспайтынын айтқан. Айта кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың бүгін сағат 09:51-де жүрегі тоқтаған. Ақпаратты Алматының Орталық клиникалық ауруханасы да растады.