«Жылаған ата» үңгірі туралы естіген боларсыз? Бұл үңгірдің алдында адам бейнесіне ұқсас тас бар. Оның көз тұсынан оқтын-оқтын су шығады. Аңызға арқау болған Жылаған атаға туған жерінде, яғни Сауран ауданына қарасты Игілік ауылында ескерткіш тақта қойылды. Игі бастамаға ауыл тұрғындары мұрындық болды. Ескерткіш “Мес ата” бұлағының бойында орнатылып, салтанатты түрде ашылды.