Түркістан облысында жылыту маусымы басталғалы 4 адам газдан уланып, 1 жасөспірім қайтыс болды. Жайсыз жайттардың алдын алу мақсатында Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен газ инспекциясының мамандары облыс орталығында өрт пен газ қауіпсіздігін сақтау бойынша халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қаладағы «Яссы» тұрғын алабындағы жеке тұрғын үйлерді аралап, газ құрылғыларынң жұмысы мен олардың талапқа сай қолданылуын тексерді.