Түркістан
EN

Шардара ауданы 100% табиғи газбен қамтылмақ

147
07.10.2021

Шардаралықтар  келер жылы 100 % табиғи газбен қамтылады. Халықаралық маңызы бар «Бейнеу-Бозой» магистралды газ құбырының шарапатын көрушілер қатарында осы ауданының тұрғындары да бар.  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ауданда табиғи газ тарату стансасы іске қосылды. Орталық Үш елді мекендегі 5 мыңнан астам отбасын сұйық отынмен қамтиды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің көгілдір отынға қосылуы  – қоршаған ортаны қорғаудың ең тиімді жолы екенін айтты.