Түркістан
EN

50 мың әйел жұмысқа орналасқан

93
10.11.2023

Биыл өңірде 97 686 адам жұмыспен қамтылды. Оның 50 450-і әйел кісі. Яғни тең жартысы. Тұрақты жұмысқа орналасқаны 15644 болса, бизнес саласында 12 мың нәзік жанды табыс тауып отыр. Берілген 1 687 гранттың 977-і әйелдердің еншісінде. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуда 242 әйел білім алып жатса, enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша 1984 әйел жұмыс істеп отыр. Осылайша өңірде жұмыссыздық деңгейі әлдеқайда төмендеген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері айтты. Олар «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында әйелдерді жұмысқа тарту мәселесін талқылауға бас қосқан. Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 1 млн. 200 мыңға жуық әйел бар. Бұл – облыс  халқының жалпы 49,2 пайызын құрайды.