Түркістандық шаруалар мәселесін мәжілісте көтерді. Айта кетсек, бұған дейін жаз айларында мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков іс сапармен Түркістан облысына келіп, тұрғындармен кездескен болатын. Сол кезде Бәйдібек пен Созақ ауданының диқандары ауыл шаруашылығы қиын жағдайда екенін айтып, министрлік өкілдерімен кездескісі келетінін ашық айтқан еді. Сол шаруаларды халық қалаулысы арнайы Астанаға шақырып, жауапты ведмоства өкілдерімен кездестірді. Басты мақсат- шалғайдағы шаруалардың жағдайын тікелей министрлікке жеткізіп, шешу жолдарын қарастыру.