Түркістан
EN

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумы өтті

119
09.11.2023

Қазақстан мен Ресей президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің сапары екіжақты қатынастар жылнамасындағы маңызды оқиға екенін атап өтті. Сондай-ақ ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың 10 жылдығы қарсаңында Астанаға келіп отырғанын, құжатқа 2013 жылы 11 қараша күні Екатеринбургте қол қойылғанын еске салды. Бұл Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының маңызды құқықтық негізі саналатын әрі көпжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға жол ашатын жан-жақты құжат.