Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин елімізге ресми сапармен келді. Мәртебелі мейманды елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі күтіп алды. Екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің 19-шы Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.