Түркістан
EN

Атырау облысында қора өртеніп, үш бала қаза тапты

179
07.10.2021

Атырау облысындағы Ортақшыл ауылында қора өртеніп, 3 бала көз жұмды. Әуелі жергілікті өрт сөндіру қызметіне ауылда шөп жанып жатқаны туралы хабар келген. Қызыл жалын 4 сағатта ауыздықталыпты. Алайда кейін 3 баланың жоғалып кеткені белгілі болған. Іздестіру кезінде жасөспірімдердің денесі өртенген шөп арасынан табылды. Аудандық әкімдіктің берген ақпарына сай, үшеуі - үш үйдің баласы. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.