Түркістан қаласында өтіп жатқан ІІ Түркі универсиадасында Қазақстан спортшыларының қоржыны 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен толықты. Атап айтқанда, еркін күрестен еліміздің құрамасынан Дәулет Ергеш, Санжар Мұхтар, Әкежан Айтбек, Дәулет Әмірханов жеңіс тұғырынан көрініп, алтын медаль иегері атанды. Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Мажарстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысып жатқан байрақты бәсекенің басы қасында әріптесім Балым Әлішер де жүр.