Түркістан
EN

Үкіметте ауыл мектептерін Starlink-ке қосу мәселесі талқыланды

163
08.11.2023

Елімізде 2 000 ауыл мектебі Starlink интернетіне қосылады. Үкіметте 5G технологиясын енгізу және шалғай елдімекендердегі білім ошақтарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин бүгінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында 800-ден астам 5G базалық станциясы орнатылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар жиында қазан айында 10 ауылдық мектеп SpaceX компаниясының Starlink технологиясы арқылы тестілік режимде кең жолақты интернетке қосылғаны айтылды. Бұл желідегі деректерді беру жылдамдығы секундына 200 Мбит-ке жетеді. Енді шалғай елдімекендеріндегі мектептерге де бұл тәжірибені енгізу жоспарланып отыр.