Түркістан
EN

"775 млн доллар бөлінген". Депутат спорт саласындағы былықтарды жариялады

105
08.11.2023

Халық кедейшіліктің құзына құлап жатқанда спортқа 775 миллион доллар бөлу сау адамның ақылына сия ма? Парламент мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында осылай деді. Халық қалаулысы қисапсыз ақша бөлсек те, жеткен жетістігіміз жоқ екенін алға тартты. Мысалы, 2021 жылы Токиода өткен Жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бар-жоғы 8 қола медаль иеленіп, 92 мемлекеттің ішінде 83-орын алды. Депутат шетелдік тәжірибені де салыстырып көрсетті. Ұлыбритания Олимпиада бағдарламасына кіретін тек 15 спорт түріне бюджеттен қаржы бөледі. Германия 18 спорт түріне, ал көршіміз Өзбекстан тек 17 спорт түріне бюджеттің қаржысын жұмсайды екен.