Ұлттық ұлан Түркістанда қызметке кірісті

483
08.11.2023 15:07

Ұлттық Ұланның 120-ға жуық әскері Түркістан қаласына қоныс аударды. Бүгін полиция департаменті ғимаратының алдында Ұлттық ұланның жеке құрамы мен полицейлер сап түзеді. Олар қала тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын күзетеді. Тәртіп сақшылары аптасына 4 рет қызметке түседі. Шаһар ішіндегі барлық мөлтек аудандар мен тұрғын алаптарында кешкі сағат 5-тен түнгі сағат 12-ге дейін қызмет атқарады.