Түркістан қаласында 8-і мен 11 қараша аралығында Қазақстанның халық әртісі Райымбек Сейтметовтің 85 жылдығына арналған «Raiymbek Fest» I Республикалық театр фестивалі өтеді. Тек кәсіби театрлар ғана қатысатын бұл шараға еліміздің 11 өңірінің театрлары қатысады. Көрермен үш күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған өнер ұжымдарының ең үздік қойылымдарын тамашалайды.