2023 жылдың 5 қарашасында пилоттық режимде өткен аудан әкімдері сайлауының қорытындысымен Созақ ауданы әкімі болып Мұхит Тұрысбеков сайланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды халықтың басым дауысымен қайта тағайындалған басшыны аудан активіне қайта таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешіп, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша берілген тапсырмалары аясындағы жұмыстарды күшейтуді, инвестициялар тартып, ауданда өндірілетін өнім көлемін арттыру жөнінде бірқатар міндеттер жүктеді. Өз кезегінде Мұхит Тұрысбеков сенім білдірген халыққа және облыс башысына алғысын білдіріп, аудан экономикасын көтеру бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын жеткізді.