Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, елімізде 16,4 млн тонна астық бастырылды. Оның 11 млн тоннадан астамы бидай өнімдері. Бұл егіншілер үшін оңайға соқпады. Жекелеген өңірлердегі аптап ыстық, тамыз айынан бастап үздіксіз жауған жауын, егіннің сапасына әсер етті. Дегенмен ауыл шаруашылығы министрілігі мұның барлығы биыл елді нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті дейді. Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін фермерлерге литріне 250 теңге бағамен 426 мың тонна дизель отыны бөлінген.