Түркістан
EN

Өзбекстан шекарасында оң өзгерістер болып жатыр

52
07.10.2021

Енді көрші Өзбек елімен шекарада жүк көліктері сағаттап тұрмайды. Кедендік өткізу пунктерінде жақында ғана жөндеу жұмыстары аяқталып, бақылау құрылғылары жаңартылған. Яғни, бір жүк көлігін түгелдей тексеру бар болғаны 10 минутта жүргізіледі. Бұрындары бұл процесс 5-10 сағатта тіпті 1 тәулікке дейін созылатын еді. Бұл өзгеріс ең алдымен ауыр жүк көлік жүргізушілеріне тиімді болып тұр. Сондай-ақ бұған дейін кеденнен тәулігіне 2 мың адам өтетін болса, енді жаңарту жұмыстарынан соң азаматтар саны 10 мыңға дейін ұлғайып отыр.