Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Украинаның «UBC Group» компаниясының басшысы Игорь Гуменныймен кездесіп, келіссөз жүргізді. Аталған инвестор Түркістан облысында сусындарға арналған тоңазытқыштар мен тоңазытқыш сөрелерін, сондай-ақ мұздатқыштар шығаратын зауыт ашуға ниетті. Өңір басшысы инвесторға Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуетін таныстырып, жобасына қолдау көрсетілетінін жеткізді.