«Бізге техникалық мамандық иелері, құрылысшылар, ІТ саласы мамандары, инженерлер керек». Апталық аппарат отырысында осылай деген аймақ басшысы Дархан Сатыбалды колледждерге оқу гранттарын жариялауда қоғамға керекті мамандықтарға басымдық берудің маңызына тоқталды. Сондай-ақ жауаптыларға мемлекеттік грантпен білім алып жатқан колледж студенттерінің сапалы білім алуын қадағалауды тапсырды. Айта кетсек, облыста 42 860 студент болса, оның 30 мыңнан астамы мемлекеттік тапсырыс аясында білім алуда.