Отырар ауданы, Қарғалы ауылдық округіне қарасты Ақшоқат станциясына “Саламатты Қазақстан” медициналық пойызы келіп тоқтады. Тексерістен өту үшін жеке төлқұжатыңызды алып, аталған станцияға келсеңіз болғаны. Медициналық пойызда тұрғындар терапевт, хирург, уролог, невропатолог, гинеколог сынды 22 білікті маманға тексеріле алады. Пойыз заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған.