Түркістан
EN

Қайрат Боранбаев босатылды

121
06.11.2023

Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. 6 жылға бас бостандығынан айырылған қазақстандық кәсіпкер шартты жазамен бостандыққа шықты. Ақмола облысының соты 20 қазанда бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбавтың жазасын жеңілдетіп, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот шешімі бойынша ол пробациялық бақылауда болады. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған Қайрат Боранбаев бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына жіберілді.